Тәуке хан даңғылының жол сызықтары жаңарды

Тәуке хан даңғылының жол сызықтары жаңарды

Тәуке хан даңғылының бойындағы жол сызықтары мен жаяу жүргіншілер өткелі қайта сызылып, жаңартылды.

Бұл жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі үшін түнгі уақытта атқарылды.

Шымкент қаласында биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады. Жалпы бүгінге дейін 150 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылды.

Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданы маңындағы 195, 275, 276 орамдарындағы 16,4 шақырым көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда 276 орамдағы 27 көшеге (12,9 шақырым), 275 орамдағы 7 көшеге (2,4 шақырым), 195 орамдағы 5 көшеге (1,1 шақырым) шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды. Жалпы Әл-Фараби ауданында осы жылы 15,87 шақырымға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылатын болады. 2021 жылы Қаратау ауданындағы 62 шақырым жолға шағал тас төселген болатын. Қаламыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 3247 шақырымды құрайды. Оның 1151,5 шақырымы Қаратау ауданына қарасты. Қазіргі таңда аудандағы жолдардың 582 шақырымы асфальт, 486,1 шақырымы шағал тас болса, 83,3 шақырымы топырақ жол. Күрделі жөндеу жұмыстарына сәйкес, «Алем Транс Жол» құрылыс компаниясының мердігерлігімен 17 көшеге, яғни 19,3 шақырым жол жөнделіп, бүгінде оның 65% пайдалануға берілді. Ауданда күрделі жөндеу бойынша 34,7 шақырымға аяқжол салу жұмыстары жүріп жатыр. Орташа жөндеу жұмыстары бойынша жалпы саны 38 шалғай және ішкі орам көшелері, яғни 54,4 шақырым жол жөндеуден өтуде. Оның ішінде 26 көше (68,4%) толығымен аяқталған, 2 сотпен тоқтатылған, ал 10 жұмыс барысында. Сонымен қоса 17,3 шақырымдық аяқжолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылғы жоспарға сәйкес Қаратау ауданындағы ұзындығы 50,9 шақырым болатын 43 көшеге асфальт салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...