Ішкі орам көшелері қалыпқа келтірілуде

Ішкі орам көшелері қалыпқа келтірілуде

Шымкентте көшелерді қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда бүгінге дейін жалпы 20 мың шаршы метр ойық-шұңқырлар ретке келтірілді.

Еңбекші ауданының Оңтүстік тұрғын алабы Түрген көшесі жөнделіп, бүгін Достық шағын ауданына келіп жетті.

Қазіргі таңда қаланың магистральді көшелерінде жұмыс аяқталды. Ендігі кезекте, маусым айынан бастап қаланың ішкі орам көшелеріне жүргізіледі.

2021-2022 жылдарға жоспарланған жол құрылысының ұзындығы – 16 шақырым. Құрылысты «Корпорация Береке-А» мердігер мекемесі жүргізіп отыр. Айналма жолдың Шымкент-Ташкент тасжолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жол жабынының жерді қысымдау жұмысы атқарылуда. Құрылыс нысанының 6 учаскесінде жолдың негізін дайындау, қазу жұмыстары қолға алынған. Биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстырылуда. Жобаға сәйкес 4 орыннан жауын суына арналған Д1000, Д1500 құбырлары орнатылып жатыр. Қазіргі кезде 6 учаскеде 14 экскаватор, 45 самосвал, 8 каток, 5 грейдер, 1 бульдозер, 4 водовоз, 3 погрузщик, 1 бензовоз, жалпы саны 81 техника қызмет көрсетуде. Айта кетейік, 2021 жылы автомобиль жолдары саласында 137 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталған: - Құрылыс және қайта жаңарту – 6 нысан ; - Орташа жөндеу – 128 нысан; - Күрделі жөндеу – 3 нысан. Сонымен қатар, жалпы көлемі 237,6 шақырым топырақ көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, 260 орынға аялдама орнатылған. 2022 жылы 141 нысанға құрылыс жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 2021 жылдың нәтижесі бойынша қаламыздағы асфальт жолдардың үлесі 63,6% жетіп отыр. Асфальт жолдар үлесін 2022 жылы 67,4%, 2023 жылы 71,2%, 2024 жылы 75%, 2025 жылы 79% жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңға дейін мердігер мекемелер өз міндеттерін тиісті кестемен орындауда. Жалпы көлемі 14 000 шаршы шақырым көлемдегі жол жабыны қалпына келтірілді. Ол жұмыстар аяқталған соң, екінші кезекте, елдімекендердегі ішкі орам көшелерін ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Ол жұмыстар маусым айынан басталады деп жоспарлануда. Жөнделіп жатқан магистральді көшелердің жалпы саны – 41. Оның ішінде ең көбі қаланың орталық ауданы саналатын Әл-Фараби ауданында орналасқан – 19 көше. Бұған қоса Абай ауданы бойынша – 9 көше, Еңбекші ауданында – 8, ал Қаратау ауданында 5 көше жөнделді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...