Ұлағатты кәрізбен қамту құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Ұлағатты кәрізбен қамту құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов елді мекендерді кәріз жүйесімен қамту барысын тексеру мақсатында Ұлағат шағынауданына барды.

Қазір шағынаудан тұрғындарына кәріз жүйесін тарту мақсатында құрылыс жұмысы жүріп жатыр. Ұзындығы 40,9 шақырым болған жүйе 2 248 абонентке лайықталған.

Қазіргі таңда 18,3 шақырымға кәріз жүйесі жүргізіліп, жұмыстың 40 пайызы орындалған.

Өткен жылы құрылысы басталған нысанды пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың қарашасына жоспарланып отыр.

Құрылысты «Алемстрой-1» мердігер мекемесі жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, шағынаудан ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен толық қамтылған. Аумақтағы жалпы 53 көшенің 31-і асфалбтталған. 2022-2025 жылдар аралығанда 11 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр.

Биыл шағынаудандарға кәріз жүйесін жеткізу үшін 14 нысанда құрылыс жүріп жатыр. Оның 2-і магистралды кәріз коллекторы, біреуі кәріз сорғы станция (КНС) және 11 нысан елді мекендердің ішкі орамдық жүйесі. Жыл соңына дейін 6 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Ұлағат шағынауданында биыл 16 көшеге тас төселеді.

Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек бүгінде 14,5 мыңға жуық халқы бар Ұлағат шағынауданы ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен 100 пайыз қамтылғанын айтты.

Ықшам ауданда 52 көшенің 31 асфальтталған, шағал тас төселгені — 21. Биыл кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілген 16 көшеге тас төсеу жоспарлануда. Ал, 2023 жылы 19 көшені асфальттау жоспарда бар.

Ұлағатта 2 248 абонентті қамтитын кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Осы жылдың соңында құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Аталған аумақта 8 көше жарықтандырылған. 2021 жылы Қ.Спатаев пен К.Тленшин көшесі жарықтанса, биыл Айдын көшесіне кешкі шамдар орнатылады. 2023-2025 жылдар аралығында 10 көше жарықтанады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...