Мирас шағынауданында 980 үй қоныстанған. Қазір онда 1 мектеп пен 6 балабақша орналасқан. Шағынаудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен 100 пайыз қамтылған. Қазіргі сәтте кәріз жүйесін тарту құрылысы жүргізілуде.
Жобаға сәйкес, ұзындығы 50,4 шақырым кәріз жүйесі салынып, ары қарай Шапағат-2 шағынауданына ұзартылады.
Бүгінде құрылыстың 38 пайызы орындалған. Қолданысқа беру мерзімі осы жылдың қарашасына жоспарланып отыр.
Құрылысын жүргізіп отырған «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС. Оның техникалық қадағалаушысы «Тұран құрылыс» мекемесі.
Айта кетсек, биыл қалада 14 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жыл қорытындысымен 2 магистралды кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС) және 6 нысанның құрылысы аяқталып, 65 мың адам кәріз жүйесіне қосылады. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 54%-дан, 60%-ға өседі
Биыл шаһарда 14 нысанның құрылысы қолға алынған. Жыл соңында 2 магистральді кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС) және 6 елді мекендегі нысан құрылысы аяқталып, 65 мың адам кәріз жүйесін пайдаланбақ.
Атап айтқанда Шымкент қаласында екі магистралды кәріз коллекторы, бір кәріз сорғы станциясы және Шымкент қаласының он үш елді мекенінде ішкі орамдық кәріз құбырлары тартылуда.
Жыл соңына дейін Шымкент қаласында Арғынбеков, Тұран магистралды кәріз коллекторларының және Достық кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен бірге, Шымкент қаласының Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік – Шығыс, Хлопзавод, Жұлдыз тұрғын алабындағы ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталып, осы алты елді мекен орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады және арнайы тазалау жұмыстары жүргізіледі деген ойдамыз. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарынан осы жұмыстардың салдарынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.