Шымкентте 6 жерге ауызсу бұрқақтары орнатылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Әл-Фараби ауданында жаңа субұрқақтар «Цум» сауда орталығы алдында, Байтұрсынов көшесіндегі саябақта, №8 мектептің алдында, Әл-Фараби алаңы, Чернобыль саябағында, Тыныбаев және Дулати көшелері қиылысында қойылды. Әл-Фараби ауданы аумағында адам көп шоғырланған жерлерде жалпы саны 11 субұрқақ жұмыс істеуде.
Осы орайда, қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмауды сұранамыз. Өз қаламыздың көркеюіне бірге атсалысайық!
Шымкент қаласындағы 5 орында орналасқан ауызсу бұрқағы қайта іске қосылды. Мұндай су бұрқақтары өткен жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының демеушілері тарапынан адам көп шоғырланатын орындарға қойылған болатын. Орнатылған бұрқақ қала тұрғындары қатарынан жылы қабылданды.
Қыс мезгілінде уақытша жабылған ауызсу бұрқақтары бүгінде қала қонақтары мен тұрғындарына Иляев - Қонаев қиылысы, Арбат саябағы, Түркістан көшесі 55, «Мацарелло» мейрамханасы алды мен Hyper House ойын-сауық орталығының маңында қайта қолжетімді болды.
Жақын күндері Әл-Фараби ауданында мұндай ауызсу бұрқақтары жаңадан тағы 6 жерге орнатылмақ. Алдағы уақытта бұрқақтар жоспарға сай орнатылады.
Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмауды сұранамыз. Өз қаламыздың көркеюіне бірге атсалысайық! Әлбетте бұрқақтар қаламыздың көркін ашуда.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданы аумағында көгалдандыру, күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда. Бүгінде Қонаев, Бәйдібек би даңғылдарында және орталық көшелерде шөп орылып, газондар суғарылуда. Аудандағы басты көшелердің бойындағы ағаштарды пішімді түрде кесу және санитарлық қырқу, жасыл екпелерді суғару жұмыстары атқарылып отыр. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының күнделікті қадағалауына алынған.