№45 мектепке жапсарлас ғимарат салынуда

№45 мектепке жапсарлас ғимарат салынуда

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов № 45 мектеп-гимназиясының жанына салынып жатқан қосымша құрылыстың жұмыс барысымен танысты. Құрылыс Ш. Қалдаяқов көшесінің бойында 1,2909 га жер аумақта жүргізілуде.

300 орындық жапсарлас ғимараттың бас мердігері – «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС-ы. Жоба бойынша мұнда жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы қарастырылған. Әрбір сынып 25 оқушыға шақталған 12 сынып болмақ. Сонымен бірге қосымша 33 жаңа жұмыс орны құрылады. Құрылысы наурыз айында басталған нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.

Шаһар басшысы құрылыс жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы орындалуын тапсырды.

Шымкент қаласында биыл бюджет есебінен 5 мектептің жанынан 300 орындық қосымша құрылыс жүргізілуде. Себебі бұл мектептер қазіргі таңда 3 ауысымды білім беруде. Нәтижесінде қалада үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейді. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қосымша ғимарат құрылысы жүргізіліп жатқан Нұрсәт ықшамауданындағы № 80 орта мектепке барды. Қала әкімі жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы және межелі мерзімде тапсыруды міндеттеді. Жаңа ғимараттың «А» блогында кіреберіс және спортзал, 66 орындық асхана қарастырылған болса, «Б» блогында бастауыш сынып оқушыларына арналған 375 орын бар. Қосымша нысан құрылысы осы жылдың мамыр айында толығымен аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек.

Қала әкімі білім нысандарын аралау барысында №72 мектептің қосымша ғимарат құрылысын да көрді.

Жаңадан салынып жатқан оқу корпусының сыйымдылығы 375 орын. Екі ауысымда 700 жүзден аса оқушы білім алуға болады. Қолданысқа берілген нысанда балалардың білім алуымен бірге 27 жаңа жұмыс орны ашылады.

Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 1350,74 шаршы метр. Құрылыс жұмысы осы жылдың наурыз айында басталған. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылдың тамызына жоспарланып отыр, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық...