145 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

145 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов орташа жөндеу жұмыстары аяқталған бірнеше көшені аралады.

Соның бірі - Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы Сыдықхан ата көшесі. Көшенің ұзындығы - 2,7 шақырым, ал ені - 5 метр. Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.

Жалпы биыл Шымкентте 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 145-нде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшенің жұмыстары күзге дейін аяқталады деп күтілуде.

Сайрам тұрғын алабында орналасқан №107 мектеп 1985 жылы қолданысқа берілген. Бүгінде білім мекемесінің едендері көнеріп, электр жүйелері жарамсыз жағдайға жеткен.

Сынып бөлмелерінде санитарлық нормаға сай ауыз суының болмауы да өзекті мәселенің бірі. Ауласындағы асфальті үгітіліп, әбден тозығы жеткен. Жоғарыда аталған ақауларды жою үшін жөндеу жұмыстары осы жылдың сәуір айында басталыпты.

Ал, жөндеу жұмысынан кейін едендер жаңысына ауысып, есік алдына кіреберіс салынады. Электр желілері ауыстырылып, әр сыныпқа ауыз су тартылады. Сонымен бірге, мектеп ішіне әжетхана жұмыс істейді және ол орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады. Одан бөлек, сметалық жобада оқу ғимаратының шатырын ауыстыру, сыртқа қабырғаның барлығын арнайы материалмен қоршау және спорт алаңын жаңарту жұмысы қаралған.

Жөндеу жұмысы қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстардың 60 пайызы атқарылған.

Сондай-ақ, 40 мыңнан астам тұрғыны бар Сайрам тұрғын алабы бүгінде 100 пайыз электр жарығымен қамтылған. Биылғы жылы «Оңтүстік Жарқ Транзит» АҚ тарапынан 7 дана трансформатор орнатылып, 11 шақырымында электр желілері жаңартылады. Бұл жұмыстар жыл соңында аяқталады деп жоспарлануда. Аталған елді мекеннің 95 пайызы ауыз сумен, 90 пайызы табиғи газбен қамтылған. Көше саны –80. Асфальт жол саны – 41. Тас жолдар – 39. Сайрам тұрғын алабында өткен жылы 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл Ю.Сареми, Ақата баба, Гагарин, Алтынсарин, Тиллаходжаев №2,3 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, 2025 жылға дейін 40 көше орташа жөндеуден өтеді. Сонымен бірге осы жылы 3 көше жарықтандырылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...