Шымкентте инвестиция көлемі 29 пайызға артты

Шымкентте инвестиция көлемі 29 пайызға артты

Шымкент қаласында биыл 5 айда қала экономикасына 131,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29%-ға ұлғайды.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Қала әкімі М.Әйтенов күн тәртібіне сәйкес инвестициялық саясат тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады.

Өңірде жыл соңына дейін 538 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 16%-ға артуы күтілуде деді. Бұл көрсеткішке 2022-2025 жылдары қалада жүзеге асырылатын құны 2,6 трлн. теңге құрайтын 242 инвестициялық жобалардың пулы әсер етпек. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі саласында құны 550 млрд. теңгені құрайтын 45 жоба іске асырылады.

- Шымкент қаласының әкімдігі 2025 жылға дейінгі инвестиция тарту жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізуде. Біздің жоспарымыз бүгінгі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен ұсынылған 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасына сәйкес келеді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады, -деп сөзін түйіндеді.

Атап айтар болсақ, мегаполиске құйылған инвестиция көлемі былтыр 60 пайызға артып, 460 млрд теңгеге жетті. Биыл бұл көрсеткішті 538 млрд теңгеге жеткізуді көздеп отырмыз. Қала экономикасындағы ірі саланың бірі – құрылыста жалпы 1 триллион теңге айналымда жүр. Жаңа индустриалды аймақтар құрылып, онда арнайы жобалар қолға алынуда. Білім, медицина, әлеумет, инфрақұрылым салаларында да жаңалықтар мен жетістіктер көп.

Қала тіршілігі үшін стратегиялық маңызды нысандар іске қосылды. №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы - Қазақстандағы ең үлкен газ тарату станциясы. Енді қаладағы жаңадан ішкі жүйелері жүргізілген барлық шағын аудандарға газ беруге мүмкіндік туды. Бұл – тұрғындардың тұрмысын жақсарту жолындағы маңызды қадам. «Бозарық», «1-М-1 қосалқы» электр станциялары арқылы 350 мыңға жуық тұрғынды сапалы электрмен қамтыдық. Ұзындығы 30 шақырымнан асатын қаланың Солтүстік Батыс бөлігінде орналасқан елдімекендерді ауыз сумен қамту мақсатында «Көмешбұлақ» су құбырының құрылысы жүріп жатыр. Осылайша қала тұрғындарын 2025 жылға дейін ауыз су, жарық, газбен қамтылу көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарда бар, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық...