Әл-Фараби ауданында 4 аула пайдалануға берілді

Әл-Фараби ауданында 4 аула пайдалануға берілді

Бүгін Шымкент әкімі М.Әйтенов абаттандырылған аулаларды тексеріп шықты.

Әл-Фараби ауданында қала күні мерекесіне орай А.Байтұрсынов көшесі №88-90, №92, №4 және Рашидов көшесі №25Б, 25В көпқабатты тұрғын үй аулалары толық абаттандырылып, тұрғындар игілігіне берілген-ді.

«Халық қатысатын бюджет» жобасымен тұрғындар өтініштері негізінде Әл-Фараби ауданы аумағында биылға 50 көп қабатты тұрғын үй ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын салу жоспарланған. Оған қоса 9 жаңадан ашық спорт алаңшаларын орнату мен 9 алаңшаны жөндеу жоспарға енген. Қазір 28 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Баршаңызды қала күнімен құттықтай отыра, жобаның арықарай өсіп өркендеуіне тілек білдіремін, - деді. 3,4 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тассай» индустриалды аймағынан 1,25 гектар жер телімін ұзақ мерзімге жалға алып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы субсидияланған. Жаңадан ашылған бұл өндірісте 150 адам жұмыспен қамтылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған мекеменің жылына 600 мың дана қорғаныш киімінің 17 түрін, 500 мың дана медициналық киім, 20 миллион дана медициналық маска мен респиратор, 1 миллион дана медициналық көзілдірік шығаруға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, Шымкентте қала күні қарсаңында жиһаз фабрикасы да іске қосылды. Жаңа фабриканың ашылуына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты.

Алдыңғы жылы «Халық қатысатын ашық бюджет» жобасы аясында шағын аудандар мен тұрғын алаптарда 66 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылды. Белгіленген жұмыстарды іске асыру барысында тұрғындардың талап-тілегі ескеріліп, балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларының жобалары, жасыл желекті күтіп-ұстау мәселелері келісілді.

Тұрғындардың талап-тілегі көшелерге бейнебақылау камераларын орнату ісінде де ескеріледі. Қазіргі кезде қала көшелеріне 2479 камера орнатылған болса, биыл олардың санын қосымша 3740 бірлікке ұлғайту жоспарланған. Тұрғындардың өтініштері бойынша 1500 бейнабақылау камералары көпқабатты тұрғын үй аулалары мен қоғамдық орындарға қойылатын болады. Көлік қозғалысы аса бақылауды қажет ететін жол учаскелеріне 2240 дана бейнебақылау құрылғылары орнатылады.

Айта кетейік, халық қатысатын бюджет азаматтардың жергілікті бюджет қаражатының бір бөлігін бөлу мен жұмсауға қатысуына мүмкіндік беретін жоба. Яғни, бір азамат ұсынып, тұрғындардың көпшілігі қолдау білдірген жобалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Осылайша азаматтар өздері тұратын аумақтарды дамыту мен абаттандыруға қатысады. Жобаны жүзеге асыру үшін Шымкент қаласында арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, ол төрт ауданның әкімдіктері арқылы орындалуда, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістанда «Мұқағали жолымен…» жүруді мақсат еткен ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Мұқағали Кенжетайұлының шығармашылық кеші өтті, деп...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АӨК әлеуетін күшейту туралы тапсырмасына сәйкес машина-трактор паркін жедел жаңарту және жергілікті ауыл...