Ойын алаңқайлары ретке келтірілді

Ойын алаңқайлары ретке келтірілді

Ойын алаңқайлары ретке келтірілді, деп хабарлайды «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

«AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалына шаһардағы Жангельдин көшесі №28 көпқабатты тұрғынүй адамдарының атынан арыз түскен болатын. А.Бағымкулованың айтуынша, аталмыш тұрғын үйдің ауласындағы балаларға арналған спорт алаңшасының тозғы жетіп, газоны ескірген екен.

Өтініш иесінің мәселесімен Әл-Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлының ықпалымен «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС мердігер мекеме тарапынан арнайы техника мен жұмысшылар тартылып, жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жылдың мамыр айында балалар ойын алаңшасындағы орындықтар жөнделіп, ирригаицялық арықтарды тазалау жұмыстары толық жүргізіліп, спорт алаңшасының газоны ауыстырылды.

Ел болашағы – жастардың денсаулығы мен білімінде. Осы мақсатта баршамыз бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Бұқаралық спортты дамытуға дендеп көңіл бөліп, аудандарда ойын және спорт алаңшалары жөнделіп, ретке келтірілуде.

Әл-Фараби аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдауына көптеген азаматтар түрлі өтінішпен келеді. Осы ауданның тұрғыны А.Әшіралиева Қазыбек би көшесі № 28, 30, 20, 20А және 32 көпқабатты үйлердің тұрғындарының атынан арыз жазып келген болатын. Тұрғындардың басты мәселесі ауладағы балалар алаңшасын сырлап, тазалық жұмыстарын ұйымдастыру болатын.

Аталмыш арыз бойынша ауданда тексеру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға қолайсыздық туғызатын қураған ағаштар кесіліп, шөп ору жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ауданның басты көшелері бойындағы аялдамалар жуылып, қоқыс жәшіктері ретке келтірілді. Балалар алаңшалары ретке келтіріліп, сырлау, әрлеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ санитарлық тазалық шаралары ұйымдастырылып, арыз бойынша кем-кетіктің бәрі жойылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...