Әл-Фараби аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдауына көптеген азаматтар түрлі өтінішпен келеді. Осы ауданның тұрғыны А.Әшіралиева Қазыбек би көшесі № 28, 30, 20, 20А және 32 көпқабатты үйлердің тұрғындарының атынан арыз жазып келген болатын. Тұрғындардың басты мәселесі ауладағы балалар алаңшасын сырлап, тазалық жұмыстарын ұйымдастыру болатын.
Аталмыш арыз бойынша ауданда тексеру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға қолайсыздық туғызатын қураған ағаштар кесіліп, шөп ору жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ауданның басты көшелері бойындағы аялдамалар жуылып, қоқыс жәшіктері ретке келтірілді. Балалар алаңшалары ретке келтіріліп, сырлау, әрлеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ санитарлық тазалық шаралары ұйымдастырылып, арыз бойынша кем-кетіктің бәрі жойылды.
«AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына келген мәртөбелік Жаннат Сатаева өзі тұратын аумақта қоқыс қалдықтарын тазалау мәселесін көтерді.
Қаратау ауданы әкімі Р.Мулкеманов аталған мәселені өз бақылауына алған болатын. Нәтижесінде, Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі
аппараты мамандары тарапынан «Zhasyl zher» ЖСШ мекемесінің қызметкерлеріне тапсырма берілді. Қазіргі таңда, Мәртөбе тұрғын алабында қоқыс қалдықтарын тазалау жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілді. Қоғамдық қабылдауға келген барлық азаматтарға, жеке және заңды тұлғаларға тиісті кеңестер беріліп, заңнама нормалары түсіндірілді.
«AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық партия филиалына Сәуле шағын ауданы тұрғындарының атынан Бақыт Сағынтай өтінішін білдірді. Аталмыш шағын аудан маңындағы 195, 275, 276 орамдар арасын қосатын 16,4 шақырым көшеге шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізуді өтінген болатын.
Өтініш берушінің сұрағы бойнша Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев тиісті жұмыстар жүргізілетінін хабарлаған. Нәтижесінде 2022 жылдың мамыр айының 30 күні Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданы маңындағы 195, 275, 276 орамдар аралысын қосатын 16,4 шақырым көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылып, тұрғындардың өтініші орындалды.
Еңбекші аудандық партия филиалына қала тұрғыны Ақмоншақ Ұзақбай есімді азаматша арыз шағымын айтып келген болатын. Еңбекші ауданына қарасты 18 мөлтек ауданының көшесінің жолдары мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеуді сұрап, өтініш білдірді.
«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрағасы әрі әкімі Досбол Күздікбайұлы арыз иесінің сұрағымен толыққанды танысып, мәеленің оң шешімі болатынын жеткізді. Қалалық жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының ықпалымен «АлемТрансЖол» ЖШС-і тарапынан жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтсақ, жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, асфальт қабаты төселді, деп хабарлайды «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.