ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінін 2022 жылғы 17 наурыздағы бұйрығы негізінде, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шардара қаласында Сырдария өзенінің жағалауында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы аясында ерікті жастар сенбілік өткізді.
Акцияның мақсаты - су айдындарына тасталған (иесiз) балық аулау құралдарынан және жағалау аумақтарын тұрмыстық қоқыстардан тазарту арқылы табиғатқа жанашырлықпен карау болып табылады.