Шомылу маусымы

Шомылу маусымы

«Түркістан» телеарнасы «Халық сөзі» бағдарламасында елде шомылу маусымы басталғалы белең алып жатқан төтенше жағдайларға байланысты қауіпсіздік шаралары бойынша тікелей эфир өтті.

Тікелей эфирге Облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы,

Қанат Қараболаев Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Азаматтық қорғаныс подполковнигі,

Әділ Бахашбаев Түркістан облысы Полиция департаменті жергілікті Полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инстпекторы полиция подполковнигі

Жандос Махамбетов Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы қатысты.

Аталған эфирде спикерлер жазғы сауықтыру кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың өлім-жітімі мен жарақаттану фактілерінің алдын алу шараларының қалай жүріп жатқаны жайында баяндады.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары С.А. Қалқамановтың тапсырмасына сәйкес 22 жазғы лагерьдегі бассейндер мен су тоғандарында, көлдерде күнделікті кезекшілік ұйымдастырылуда. Ағымдағы жылда 22 324 бала лагерьге тегін жолдама алды.

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс орындарында суда құтқару тақырыптарында сайыстар, конкурстар және ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп «Жас Құтқарушы» слеті өткізілді;

Мамыр айы бойында ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп суда құтқару бағытында акция аясында мұғалімдер мен мектеп оқушыларына арналған онлайн дәрістер, диктанттар жүргізілді. Сонымен қатар, «Суда құтқарушы» викториналары мен байқаулары өткізілді;

Облыстағы 22 бассейнге жыл бойы 79 898 оқушы суда жүзу үйірмесіне қатысқан.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...