«ЕЛ БОЛАШАҒЫ — ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР»—06.

«ЕЛ БОЛАШАҒЫ — ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР»—06.

(Белсенді жастар марапатталды)

Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Жігерген ауылы округінде, «6 шілде — Елорда күніне» орай, ашық аспан астында жастардың қатысуымен «Ел болашағы жалынды — жалынды жастар» атты кездесу болып өтті.

Кездесу барысында жастардың қатысуымен бірнеше семинар-тренингтер, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Павлодар, Көкшетау, қалаларынан келген студент жастарымыз «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасы жөнінде өз ойларымен бөлісті. Кездесуде өзінің белсенділігімен, тапқырлығымен көзге түскен белсенді жастарға алғыс хаттар берілді.

Сонымен қатар, «Жігерген жақұттары» пікірсайыс клубының биылғы түлектеріне, аудан жастарының арасында пікірсайыс қозғалысының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс хаттар мен естелік кітаптар тарту етілді.

Кездесудің басты мақсаты:

—Жастардың демалыс уақытын қызықты өткізу, бос уақытын тиімді пайдалану;

—Мектеп бітіруші түлектер мен студент жастардың пікір алмасуы;

—Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту;

—Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...