Қазақстандық оқушылар үшін ЖИ, анимация және бағдарламалау бойынша тегін оқу орталығы ашылады

Қазақстандық оқушылар үшін ЖИ, анимация және бағдарламалау бойынша тегін оқу орталығы ашылады
Осы жылдың қазан айында Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы базасында TUMO шығармашылық технологиялар орталығы ашылады. Бұл – 12 мен 18 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған оқу орталығы. TUMO қосымша оқу орталығы ретінде жұмыс істейді – оқушылар сабаққа дейін немесе одан кейін қатыса алады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ басқарушы директоры Валерия Те мәлімдеді. Оқыту генеративті жасанды интеллект, бағдарламалау, анимация, цифрлық музыка, робототехника және басқа да заманауи пәндерді қоса алғанда, 11 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Онда жоғары деңгейде...