Қазақстандықтар жасанды интеллект бойынша тегін оқытудан өте алады

Қазақстандықтар жасанды интеллект бойынша тегін оқытудан өте алады
Инновациялық технологиялар паркі Skillbox-тың Lerna платформасымен, Udacity және Яндекс Практикуммен бірлесіп қазақстандықтар үшін жасанды интеллект негіздері бойынша тегін курстар әзірледі. Олар қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Оқытудан өтуі үшін Astana Hub қосымшасын жүктеу қажет. AI movement арнайы бөлімінде барлық ақпарат пен сілтемелер бар. Қазақстандықтар қызығушылық танытатын курсты таңдап, оқудан өтіп, сертификат ала алады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ басқарушы директоры Валерия Те мәлімдеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Онда жоғары деңгейде...