Жас суретші бас жүлдені жеңіп алды

Жас суретші бас жүлдені жеңіп алды

Бүгін Балалар жылына орай, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Ұлы дала елі» орталығында «Бал таңдай» өнер фестивалі аясында «Менің туған жерім» атты суретшілер байқауы өтті.

Аталған байқауға №29 К.Тленшин атындағы жалпы орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Шанкеев Бақытбек Ордабекұлының жетекшілігімен Дүйсенбек Сымбат және оқу-өндірістік комбинатының қолөнер бөлімінің мұғалімі Патчаева Ольга Ивановнаның жетекшілігімен Асанова Беназир қатысты.

Жас қаламгерлер арасындағы өткен өнер байқауында сайрамдық суретшінің қағазға қылқаламмен бейнелеген жұмысы жоғары бағаланып, Дүйсенбек Сымбат бас жүлдені қанжығасына байлады.

Жас суретшілерге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қолдау білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...