Отбасылық құндылықтар ұлықталды

Отбасылық құндылықтар ұлықталды

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің психологтары ұйымдастыруымен аудандағы жас отбасылардың қатысуымен отбасындағы өнегелі тәрбие жайында ақыл-кеңес беру, отбасы құндылықтарын қалыптастыру және дамыту мақсатында Асық ата кентінде орналасқан "Асыл қазына және Тең қоғам" әлеуметтік орталығында жиын болып өтті.

Жиынға ауданымыздағы жас отбасылар, орталық қызметкерлері және қариялары, "Шаңырақ" отбасы клубының жетекшісі К. Сламбекқызы және аудандық Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Іс- шара барысында көпшілік қауым отбасы тақырыбында әңгіме қозғап, ойландырып жүрген тақырыптарды көтеріп, пікір-тілектерін білдірді. Шаңырақ шаттығы мен отбасы берекесінің қуанышы қандай, қиындық неден туындайды деген мәселелер төңірегінде қызу әңгіме өрбіп, жастарға отбасындағы өнегелі тәрбие жайында ақыл-кеңестерін айтты. Отбасылық құндылық мәселесі бүгінгі таңда күн тәртібінен түс­пей тұрған өзекті тақырыпқа айналды. Сондықтан, жастар арасында мұндай түйткілді тақырыптарды көтеріп отырудың маңызы айрықша екендігі де тілге тиек етілді. Шараға шақырылған қонақтардың әрқайсысы жас отбасылардың ажырасу себептері мен тастанды балалардың жағдайы туралы өз пікірлерін ортаға салып, қоғам алдында тұрған маңызды міндет – отбасылық бақытқа дұрыс көзқарас қалыптастыру екендігін ерекше атап өтті.

Басқосу соңында отбасын нығайту, үлкендерге ізет көрсету секілді өзекті мәселелер сөз болып, еңбек ардагерлері жас буынды тәрбие­леуде өз тәжірибелерімен бөлісті. Белсенділік танытып, қатысқан жас отбасыларға алғыс білдірілді және орталық атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...