Елімізде 2020 жыл – Еріктілер жылы деп жарияланып, бұл бағытта көптеген жұмыс атқарылды. Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беру арқылы тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді. Сондықтан уақытты еріктілікке жұмсау – уақытты текке өткізу емес, тұлғалық дамуға құйылған ең қымбат инвестиция.
Бүгінде елімізде еріктілік қарқынды дамуда. Әр қалада қарттар, жетімдер, әлеуметтік осал топ отбасылары, апат құрбандары секілді көмек қажет ететін жандарға қол ұшын созып жүрген жастар ұйымының саны жыл санап артуда. Бүгінде еліміз бойынша ірі қалалар мен ауылдарда 200 волонтерлік ұйым жұмыс істейді.
Бүгін «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комитетінің төрағасы Сәбит Лаханов пен аудандық мәслихат депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Ғалымжан Асылбеков еріктілермен кездесу өткізіп, еріктілер клубының жұмыстарына зерделеу жүргізді.
«Әлсізге қол ұшын созу, жасы үлкен адамға көмектесу, жетім мен жесірді жылатпау – қазақ қоғамының ажырамас бөлігі. Мемлекет басшысы осындай ұлттық құндылығымызды ұрпақ санасына сіңіру мақсатында осы нәрсені жүйеге салып, заңдық тұрғыда реттеп, жаңа деңгейге көтеруде. Біздегі еріктілер тобы мұқтаж жанға қолдарынан келген көмекті жасауға әрдайым даяр.