Еңбекші ауданын биыл мобильді интернетпен қамту көрсеткішін 92 пайызға жеткізу көзделген.
Өткен жылы интернет сапасы төмен Абдулабад елдімекеніне базалық станция орнатылды. Биыл 10 мыңнан аса тұрғыны бар Елтай мен Тоғыс тұрғын алаптарына базалық станциялар орнатылады.
Оптикалық интернет желімен қамту: қаладан шалғай орналасқан Мирас және Қарабастау елдімекендеріне талшықты оптика желісі жүргізіледі. 2025 жылға дейін қосымша тағы шалғайдағы 8 елдімекенге оптикалық желі тартылады.
Шымкент қаласындағы шалғай орналасқан елдімекен тұрғындарын сапалы интернетке қосу мақсатында инвесторлар тартылды.
Соның бірі Қаратау ауданына қарасты 4 мыңнан астам үйі бар Ақжайық шағынауданын оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту үшін қалалық цифрландыру басқармасының тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылып, жеке инвесторлармен келісімдер жүргізген болатын.
Бүгінгі күні, «i-LinkNet» ЖШС мекемесі шағынауданға талшықты оптика желісін толық жүргізді. Төрт мыңға жуық үйге 400 шақырымдық абоненттік кабель тартты. Ондағы өтініш қалдырған 400-ден астам отбасы жоғарғы жылдамдықты сапалы интернетке қол жеткізді.
Сонымен қатар, мердігер компания Достық шағынауданына да талшықты оптика желісін тартты. 2500-ге жуық үйге талшықты оптика желісі және 200 шақырымды қамтитын абоненттік кабель жүргізілді.
Бұдан өзге, алдағы уақытта Асар, Самал-3 және Нұртас шағынаудандары талшықты оптика желісімен қамтылатын болады.
Оның айтуынша, «Digital Elements» ЖШС тарапынан қала аумағындағы Нұртас, Тассай, Таскен, Пахтакор шағын аудандарындағы 4 көшеге, яғни 400 үйге кабел жүргізіліп, бүгінде интернетке қосылған. Ал, «I-LinkNet» ЖШС тарапынан Ақжайық шағын ауданына талшықты оптика желісі толық жүргізіліп, 4000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі тартылған. Оның ішінде 250 ден астам үй өтініш беру арқылы жоғарғы жылдамдықты сапалы интернетке қосылыпты.
«Бүгінгі таңда, Достық шағын ауданына кабел жүргізу жұмыстары жүргізілуде, алдағы күндері іске қосылып, шағын аудан толыққанды талшық-оптикалық интернетпен қамтылатын болады. Сонымен қатар, жеке инвестор есебінен 2021-2023 жылдары шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернетпен қамтуға 1 млрд. теңге қаржы қарастырылды. Нәтижесінде 80 000 үй сапалы интернет желісімен қамтылатын болады»,-деді басқарма басшысы.
2020-жылдан бастап Шымкент қаласын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып, жұмыстар үш кезеңге бөлінді. Алғашқы кезең бойынша бүгінгі күнге қаладағы шағын аудандар мен тұрғын алаптар аумағына 11 базалық станция орнатылды.
2021 жылы қала аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз етудің 2-кезеңінде 14 жердің координататалары мобильді байланыс операторларымен келісілді. Оның 8 нүктесі жеке инвестор есебінен, 6 нүктесі әкімдікпен мобильді байланыс операторлорымен бірлесе жеке нысан иелерімен тікелей келісуі арқылы іске асырылады. Сегіз жер телімінің екеуіне (Тассай мен Ынтымақ шағын аудандары) антенна-матчталық құрылғы орнатылып, электр энергиясына жалғау жұмыстары басталды. Қалған 6 нүкте бойынша инвестор тарапы жер қазу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.