Қате қадам қайталанбауы тиіс

Қате қадам қайталанбауы тиіс

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің психологтары Жетісай ауданы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің есебінде тұратын жастармен қоғамдық өмірге қатысу белсенділігі мен өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру, мінез-құлықтың әлеуметтік жағымды дағдыларын қалыптастыру мақсатында психологиялық кеңес өткізді.

Шара барысында Пробация қызметінің есебінде тұрған әрбір жастың жеке басы жан- жақты зерделенді және тәрбиелік ықпал етуді жағымды қабылдауға және қоршаған ортаның жағымсыз ықпалын теріске шығаруға психологиялық дайындық дәрежесі анықталды. Мекеме психологтары сотталғандардың түзелуі мақсатында оның қоғамдық толық құқылы мүшесі әлеуметтік мәртебесі қалпына келуіне, тәртіптің жалпыға бірдей қабылданған нормалары мен құқық нормалары негізінде қоғамда өз бетінше өмір сүруіне оралуына көмектеседі.

Мұндай іс-шараларды өткізу жазаны өтеудің «сұр» күндерін бояйтын және рухани-адамгершілік қайта тәрбиесіне әсер ететін болады. Сотталғандардың жаза өтеу мерзімінен соң теріс немесе жағымсыз мінез-құлыққа жол бермеулеріне, олардың қоғамға, айналаға көзқарасын жақсартуға ықпал жасайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінің өткен жолғы отырысында берген...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі...

Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатарлы қалаға...

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,1 млн жұмыскердің пайдасына 464 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды,...