Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатында Жетісай ауданының әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асан Маханбетов бекітілген кестеге сәйкес Жетісай қаласының тұрғындарымен Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық техникалық колледжінің ғимаратында кездесу өткізді.
Басқосуға аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев пен дербес бөлім басшылары, тиісті сала мамандары мен қала тұрғындары қатысты.
Ашық жүздесуде Асан Жақыпбекұлы 2021 жылы атқарылған жұмыстар мен жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобаларға тоқтала кетті.
2022 жылға жалпы 33,6 млрд. теңге көлемінде аудандық бюджет кірісі мен шығысы бекітілді. Оның ішінде бюджеттің өзіндік кірістер 2,2 млрд. Теңге болса, субвенция 23,8 млрд. теңге. Нысаналы трансферттер 7,6 млрд. теңге.
Ағымдағы жылға жалпы 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу, оның ішінде, мақта дақылын 50,0 мың гектарға жуық, картоп, бақша, көкөністер 20,2 мың гектар 4,9 мың гектарға көпжылдық мал азықтық дақылдарын және тағы басқа ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда.
Егін шаруашылығында өнімділік көлемін 2-3 есеге ұлғайту мақсатында әр ауылдық округтерде жаңа технологияларды енгізе отырып, бір жыл ішінде 2 өнім алу әдісін 1,1 мың гектардан астам алқапқа енгізу шаралары ұйымдастырылатын болады.
2021 жылға сметалық құны 2,7 млрд теңге болатын Жетісай қаласын сумен жабдықтау жүйесін қайта құруға 690,8 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізуде. 2022 жылға республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінді.
2022 жылы аудандағы 10 ауылдық округтегі, елді мекендерде ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізуге, Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген 80 га жер телімінің аумағынан ауыз су резервуарын орнатуға жергілікті бюджеттен 433,3 млн теңге бөлінді.
Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген 35 га жер телімі ішінен 4,0 га жер телімі бөлініп 1500 орындық мектеп құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданған. Үстіміздегі жылы Жетісай қаласы 80 га мәдениет үйімен, кітапхана және мұражай ғимараттарының құрылысына жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстарын бастауға 1,0 млн теңге бөлінді. Жетісай қаласы аумағындағы ұлғайтылған 35 га жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына жобалау сметалық құжаттамалар әзірлеуді бастауға 3,0 млн теңге, дендросаябақ құрылысына жобалау сметалық құжаттамалар әзірлеуге 6,0 млн теңге бөлінді.
Жетісай қаласында 7 дана тік дренаждың,қазіргі таңдабөлімге бағынысты «Жетісай қызмет»КМК-ның теңгеріміне алынып, 1данасына (орталық саябақ) жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қалған Яссауи , Абай, Қалыбеков көшелеріндегі 3 данасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті құжаттары (сметалық есептеме) жасақталуда.