Тасқұдықта 100 орындық мектеп салынуда

Тасқұдықта 100 орындық мектеп салынуда

Бүгін Сарыағаш ауданы әкімі Мұхит Отаршиев Әлімтау ауылдық округі, Тасқұдық елді мекенінде жаңадан салынып жатқан 100 орындық мектептің құрылыс жұмыстарына арнайы барып, ауыл тұрғындарының қатысуымен кезекті қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдық бақылауға ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Әлімтау ауылдық округінің әкімі, ауыл биі және ауыл тұрғындары қатысты.

Айта кетсек, аталған елді мекендегі қолданыстағы №43 Әль-Фараби мектебінің ғимараты апаттық жағдайда болуына байланысты жаңа білім ошағын салу қажеттілігі туындаған. Осыған орай былтырғы жылы жаңа ғимараттың қазығы қағылған болатын. Нысан құрылысын биылғы жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда мектептің құрылыс жұмыстарын «СервисЦентр-2007» ЖШС-гі жүргізуде.

«Аудан аумағындағы әлеуметтік нысандарға қоғамдық бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізілуде. Тұрғындармен біргелікте жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстары ел игілігі үшін салынып жатқан нысандардың сапалы болуына өз септігін тигізері сөзсіз. Аталған ғимарат балалардың болашағы үшін бой көтеріліп жатқан білім ордасы болғандықтан бірінші кезекте сапалы болуы қажет. Сол үшін мердігер мекеме жұмысшы күшін көбейтіп, нысанды сапалы және мерзімінде аяқтап, пайдалануға беру керек» - деді аудан басшысы Мұхит Баймұханбетұлы.

Құрметті аудан тұрғындары! Алдағы уақытта да ауданға қарасты барлық әлеуметтік нысандар бақылауға алынып, аудан әкімдігінің мамандары және тұрғындардың қатысуымен қоғамдық бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...