Аудан орталығында жаппай сенбілік өтті

Аудан орталығында жаппай сенбілік өтті

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Шаян ауылына сенбілік шарасын өткізуді тапсырған болатын. Берілген тапсырмаға сәйкес бүгін аудан орталығында сенбілік шарасы ұйымдастырылды. Оған аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен мекеме қызметкерлері, барлық ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары атсалысты. Сенбілікке шыққан тиісті мекемелерге аудан орталығындағы көшелер бөлініп берілген. Олар көше бойларын сыпырып, ретсіз өскен талдарды бұтап, шөптерді орып, суағарлар мен арықтар қоқыстардан тазаланды. Сенбілік алдағы уақытта жалғасатын болады.

Сенбілік жасаған көшелерді аралаған аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы тиісті бөлім басшыларына, ауылдық округі әкімдеріне бөлінген аумақтардағы алдағы уақытта атқарылатын бірқатар жұмыстарды атқаруды тапсырды. Атап айтқанда көше бойларындағы төгілген тастар мен топырақтарды тазалау, сырлау, әктеу, тікенектерді шабу және тағы да басқа жұмыстар.

Сондай-ақ аудан әкімі аралау барысында көше бойларындағы әр жердегі қураған жасыл желектерді алып, күз мезгілінде қайта отырғызу, Шаян өзені бойындағы бұлақтардың көзін ашу, айналасын абаттандыру, кіші спорттық алаңшаларын салу жөнінде тиісті мамандарға бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...