Қала тұрғындарының Көкейкесті мәселелері тыңдалды

Қала тұрғындарының Көкейкесті мәселелері тыңдалды

Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Сарыағаш қаласының тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Аудан басшысы кездесу барысында алдымен Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы тоқталып, одан соң Сарыағаш ауданында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Жиын барысында тұрғындардың басым бөлігі жолға асфальт төсеу, тозығы жеткен электр бағаналары мен желілерін ауыстыру, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру туралы өтініштері мен пікірлерін айтты.

Сонымен қатар, аудан әкімі тұрғындарға аудан аумағында инфрақұрылым деңгейін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, ағымдағы жылы Сарыағаш қаласындағы 30 көшенің 18,25 шақырымына орта жөндеу жұмыстары және 7 көшеге астау (лоток) орнатылатынын жеткізді.

Өз кезегінде қала тұрғындарының өзекті мәселесіне айналған тозығы жеткен электр бағаналары мен желілерін ауыстыру мәселесі алдағы уақытта шешімін табатын болады. Ағымдағы жылы Созақ, Т.Көкебайұлы, М.Өскенұлы, Х.Саудашев, Р.Мұсабекұлы, Б.Мекенбаев, А.Мұсабек, Көктем, Алтын төбе көшелерінің тозығы жеткен электр бағаналары мен желілерін ауыстыру үшін жобалық сметалық құжаттама жасауға қаржы бөлініп, қазіргі таңда жеңімпаз мердігер мекеме тарапынан жобалық сметалық құжат әзірленуде.

Кездесуден кейін, аудан басшысы қала тұрғындарын арнайы қабылдады. Қабылдауға келген ауыл тұрғындары ауыз су және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...