5 миллион теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант конкурсы

5 миллион теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант конкурсы

Назар аударыңыз!

5млн. теңге грант конкурсына қатысуды жоспарлаған адамдар үшін тамаша жаңалық!

Сертификатсыз қатысу мүмкіндігі

жас шектеусіз

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 5 миллион теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант конкурсына құжаттар қабылдау басталды.

құжаттарды https://www.qoldau.kz/ порталы арқылы жібере аласыздар.

талаптары:

-Түркістан облысының тұрғыны болуы;

-Жеке Кәсіпкер ретінде тіркелгеніне 3 жылға жетпеген болуы;

-Облыс көлемінде жаңа бизнес жоба болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарына жатушыларға міндетті емес);

-Берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы Кәсіпкердің шотында болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарына жатушыларға міндетті емес);

Қажетті құжаттар:

-Жеке куәлік;

-Бизнес Жоспар;

-Ескіру мерзімі 2 жылдан аспайтын оқуды (Еңбек бағдарламасы шеңберінде) аяқтағаны туралы Сертификат (бар болса);

-Бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатының болуы туралы (берілетін грант көлемінің кемінде 10% - ы мөлшерінде) банк шотынан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын бағалау (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде 3-топтағы мүгедектікті қоспағанда);

-Ескіру мерзімі 3 жылдан аспайтын дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі;

-Жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

-Өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжат (бар болса);

-Несиелік берешектің жоқтығы туралы анықтама.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...