Мақта алқаптары уақытылы суарылуда

Мақта алқаптары уақытылы суарылуда

Ордабасы аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Әбілда Әлібек пен Жеңіс ауылдық округінің әкімі Марат Туреев Жеңістегі шаруа қожалықтарды аралап, агросектордағы өндірістің жай-күйімен танысты.

«Мирас» шаруа қожалығының мақта алабында болып, мақта қауызының уақытылы суарылу жайын көріп қайтты.

Қазіргі таңда аудан көлемінде 68 094 гектар жерге егістік орналастырылса, оның 7122 гектарына мақта дақылы егілді. Орташа түсім 31,5 цн/га құрап, сатылымдағы өзіндік бағасы 600 тг болады деп жоспарлануда.

Ал, Жеңіс ауыл округі бойынша 3 736 гектар аумақ толық игерілген. Аталған аумақтың 890 гектарына мақта дақылын егу жоспарланса, қазіргі таңда 908 гектарына егіліп, 108 пайызды құрап отыр.

«Көктем айы басталысымен шаруаларда тыным жоқ. Біздің мақсат шаруаларға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау таныту. Сондай-ақ, жыл сайын жерді тиімді игеру, ауыспалы егістікті қолдау арқылы жерді тозып кетпеуден сақтап, еккен дәннен мол өнім алу. Заман талабына сай алынған техникалардың арқасында көктемгі жер жырту, тегістеу, себу және күзгі жиын-терін жұмыстарын межесінен бұрын аяқтауға мол мүмкіндігіміз бар», - деді салалық бөлім басшысы Әбілда Әлібек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...