Журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев «Ордабасы оттары» газетінің ұжымын 28 маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен және аудандық және қалалық газеттер арасындағы облыстық байқауда «Ордабасы оттары» газетінің «Үздік аймақтық басылым» номинациясының жеңімпазы атануымен құттықтады.

-Журналистика саласына артылар міндет пен жүк жеңіл емес. Бүгінде ақпарат айдынында еңбек етіп жүрген тілшілер қауымы заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүр. Соның ішінде 87 жылдан бері оқырман қауымның айнымас серігі, рухани азығына айналған «Ордабасы оттары» газетін жаңалық пен жақсылықтың жаршысы деп санаймын. Сіздер аудандағы жаңалықтарды салмақты сөз, салиқалы пікірлеріңізбен жеткізіп, халықтың жүрегіне жол тауып келесіздер. Бәріңізге шығармашылық шабыт, ұшқыр ой, қарымды қалам, жемісті еңбек тілей отырып, кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын, — деді Азат Әбдіғалиұлы.

Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаев жемісті еңбек етіп жүрген сала қызметкерлерін аудан әкімі Б.Батыршаевтың Алғыс хатымен марапаттады.

Өз кезегінде аудандық газеттің директор — Бас редакторы Ғалымжан Зиябек сөз алып, редакция атынан ризашылығын білдірді. Газет ұжымының талапқа сай жұмыс істеуге мүмкіндігі бар екенін, бұқара халық пен билік арасындағы алтын көпірге сызат түсірмеу жолында жылдар бойы жалғасып келе жатқан жұмыстар жандана беретіндігін жеткізді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұлов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ қатысып отырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық...