М.Әйтенов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады

М.Әйтенов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қала әкімі М.Әйтенов қаламыздың БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне орай бірқатар журналистерді марапаттады.

Мерекелік іс-шара алдымен телевизия ардагері, Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбекті 1минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Қала әкімі ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастырушы ғана емес, қоғамдық сананы қалыптастырушы сала екенін айтты.

- Ақпарат құралдары – бұл үлкен күш. Қаламның ұшын, сөздің күшін дұрыс пайдаланса, ұлтты ұйыстырып, жасампаздыққа жол бастай алады, ал бұрыс пайдаланса, қоғамды дүрліктіріп, қоғамдық-саяси ахуалды қиындатып жібере алады. Шымкентте жұмыс істейтін 170-тен аса ақпарат құралы билік пен қоғамның арасында ортасына алтын көпір бола бермек деген сенімдемін. Қала игілігі үшін бірлесе жасайтын жұмыстар жалғаса береді. Қаланың жетістігі – әрбіріміздің жетістігіміз, - деді М.Әйтенов.

БАҚ үздіктері 13 номинация бойынша марапатталды.

Қазақстанда 2019 жылдан бастап Үкіметтің қаулысымен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілгені белгілі. Яғни бүгін халықтың әл-ауқаты мен қоғам тынысынан хабар тарататын тілшілер қауымы кәсіби мерекесін атап өтуде.

Журналистика – БАҚ құралдарының (интернет, баспа, радио, телевидение, сайт) көмегімен ақпаратты жинау, өңдеу және тарату жұмысы. Журналистиканың ғылыми тәртібі баспаның дүниеге келуімен тікелей жолға қойылған. Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында фото мен киножурналистика өмірге келіп, салаға тың тыныс әкелді. Ізінше 1920-1940 жылдары радио мен тележурналистиканың дәуірі басталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...