Қаладағы ең көне мектепке жаңа оқу корпусы салынуда

Қаладағы ең көне мектепке жаңа оқу корпусы салынуда

Қала әкімі Мұрат Әйтенов М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясында болып, қосымша салынып жатқан оқу ғимаратының құрылыс жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Білім мекемесінің іргетасы осыдан 147 жыл бұрын қаланған. Бүгінде мектептің кей аумағы көнеріп, санитарлық талап пен өрт қауіпсіздің талабына сай емес екені анықталды. Осындай олқылықтың орнын толтыру мақсатында қосымша оқу корпусының құрылысы жүргізілуде.

Жаңа ғимарат 1 100 оқушыға лайықталған. Одан бөлек жобада 250 орындық АКТ залы, спортзал, 20-30 мың кітап қорына арналған кітапхана және 20 оқу залы және 320 орындық асхана қаралған. Құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға жоспарланып отыр.

М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы Шымкент қаласындағы ең көне мектеп. Бүгінде оқушыларға үш тілде білім беретін мамандандырылған гимназияға айналған.

Аталған гимназия 2021 жылы Қазақстан бойынша үздік «100 олимпиадалық мектептер» тізіміне енген. Қала әкімі тек үздіктерді тәрбиелеп отырған мектептің қосымша ғимаратпен толығуы білімді жастардың көбеюіне жол ашатынын атап өтті.

Мектеп ХІХ ғасырда құрылған, 1875 жылы, ал 1963 жылдан бастап бірнеше пәнді ағылшын тілінде оқытатын мамандандырылған алғашқы мектепке айналады. 1992 жылы оған мектеп – гимназия мәртебесі берілді, онда оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен басқа француз немесе неміс тілдеріноқып біледі.

Гимназия бітіруші түлектері «Болашақ» бағдарламасы бойынша Еуропа, Азия және Америка елдерінде білім алуда, Флекс бағдарламасы бойнша шет мемлекеттерде оқу үшін білім гранттарын жеңіп алуда.

Гимназияның халықаралық байланыстары кеңеюде, сонымен қатар Франциямен, Ұлыбританиямен, Кореямен. Пуссан қаласындағы (оңтүстік Корея) халықаралық мектеппен студенттер алмасып, бірге жұмыс жүргізу жалғасуда.
Олимпиадаларға сапалы дайындық жүргізілуде, мұның дәлелі – гимназияның олимпиадалық командасының көбеюі және оның нәтижелілігі.

Қазіргі таңда мектепте 220 педагог жұмыс істейді. Олардың қатарында 1 ғылым кандидаты, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің 4 иегері, «Ағарту ісінің үздігі» атағы бойынша – 12, ҚР білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттары иегерлері – 12, Халықаралық ТЕА бағдарламасының жеңімпаздары – 10, ЕТТЕ білім беру бағдарламасының қатысушылары – 3, «Болашақ» Президенттік бағдарламасының жеңімпазы – 1, «Ең үздік ұстаз» Республикалық байқауының жеңімпаздары - 2, әдіскер мұғалімдер – 8, «Алтын қор» облыстық байқауының жеңімпаздары – 4.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...