Шымкенттік гимнастшылар Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды

Шымкенттік гимнастшылар Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды

Тайландтың Паттайя қаласында қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Бұл жарыста шымкенттік екі спортшы Эльжан Таниева (2005 жылы туған) және Милан Парфилова Милан (2007 жылы туған) Қазақстанның намысын қорғады.

Эльжана Таниева лентамен көрсеткен өнерде бір алтын, түйреуішпен жасаған жаттығуда күміс медальін жеңіп алды.

Ал, Милана Парфилова доппен жаттығуда алтын және шеңбермен көрсеткен өнері бойынша бір күміс жүлдесін иемденді.

Шымкент қаласындағы Ә.Юсупова жетекшілік ететін көркем гимнастика спорт кешені 2015 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде мұнда түрлі Халықаралық, республикалық жарыстар өтеді.

Қала әкімі аталған спорт кешеніне барып, тыныс-тіршілігімен танысты.

Кешенде асхана мен келушілер үшін заманауи жабдықталған 56 орындық қонақ үй де бар. Қазір мұнда 500 қыз жаттығады. Жаттықтырушылар құрамы 48 адамнан тұрады. 745 көрерменге шақталған орындық қойылған.

Шаһар басшысы үйірмелерді балаларға қолжетімді ету керектігін айтты. Бұқаралық спортты дамыту үшін тойханалардың орнына спорт нысандарын көптеп салу өте маңызды деді. Көркем гимнастика қыздарға арналған спорт түрі болғанымен, Олимпиада ойындарына енгенін айтқан әкім еліміздің атын шығаратын спортшыларды дайындау үшін оларға алдымен жағдай жасау қажеттігін жеткізді. Осы тұрғыда сала басшысына жаңа жобалар ұсынуды тапсырды.

Сондай-ақ, 23-і «Халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстар». Бұл спорттың 15 түрі бойынша (футбол, көркем гимнастика, баскетбол, садақ ату, жүзу, қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, бокс,  таэквондо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, стенд ату, оқ ату, шорт-трек) ұйымдастырылады. Бұл жарыс түрлеріне бес мыңға жуық бала қатыспақ.

Осы орайда, спортшыларымыз байрақты бәсекеде  өз шеберліктерін көрсетіп, биік шыңдарды бағындырар деген сенім білдіреміз. Сәттілік серік болып, жеңісті күндер көп болсын, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...