Әлеуметтік салада басты мақсаттардың бірі – халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санын азайту екенін айтқан Шымкент әкімі М.Әйтенов халықты жұмыспен қамту шараларына 57 мыңнан астам адамды қатыстыру жоспарланып отырғанын жеткізді.
Осы жылы 5 айда 22 мыңнан астам адам қамтылды. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттен 7,2 млрд.теңге қарастырылған.
«Тең қоғам» орталығында 1900 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді. Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау үшін бюджеттен – 4,5 млрд. теңге қаржы қарастырылды (2021 ж. 3,7 млрд.т).
«Бақытты жанұя» орталығында 7062 көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсетілді.
Айта кететін Шымкентте жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде алдынғы жылы 12 инфрақұрылымдық жоба нақтыланып, микрокредит беру және бизнесті дамыту бағыттары бекітілген болатын.
Жоба аясында 12 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, 2 білім беру, 1 спорт, 1 сумен және 8 электрмен қамту нысандары бой көтеруде. Онда 392 жұмыс орындарын құру жоспарланса, оның ішінде 198 орынға азаматтар жұмысқа қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдау жоспарлануда. Бүгінде жоба аясында жалпы 230 азамат жұмысқа орналасса, орталық арқылы 154 азамат құрылыс жұмыстарына жолданды. Қазіргі таңда тартылған жұмыс күшімен нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында шағын, орта бизнесті дамыту, жұмыс орындарын құру үшін микрокредиттер беру көзделген. Жұмыс іздеп жүрген азаматтар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгініп, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатыса алады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары қажетті біліктілігі бар мамандарды іріктеп, жұмыс беруші-мердігер компанияға жолдайды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.