Мегаполисте бейнебақылау камераларының саны артып, қылмыс азайған

Мегаполисте бейнебақылау камераларының саны артып, қылмыс азайған

«Шымкент қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өткен жылы жаңадан 3177 бейнебақылау камералары орнатылып, қала аумағын шолу 3 есеге артты. Биылда қосымша 1000 бейнебақылау камералары орнату көзделген», - деді М.Әйтенов брифинг барысында.

Сонымен бірге,халық тығыз орналасқан шағын аудандарда заманауи 9 мобильді полиция бекетін орнату жоспарлануда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 5 айда жалпы қылмыстардың саны 19,4 пайызға азайған.

Биылғы жылы Шымкент қаласының аумағында 1000 бейнебақылау камералары орнатылады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың  тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы Шымкент қаласының аумағында 3177 бейнебақылау камералары орнатылды.

Шымкент қаласының аумағындағы 3177 бейнебақылау камералардың ішінде: 877 қаланың көше қиылыстарына, 800 желілік учаскелерге, 1500 жалпы бейнебақылау камералары.

Шымкент қаласының тұрғындарының қауіпсіздікті одан-әрі дамыту үшін 2022 жылы қосымша 1000 бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда.

Ортаылатын 1000 бейнебақылау камераларының  ішінде: 800 қоғамдық қауіпсіздікті, 200 жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін. Қазіргі таңда қаламызда көлік санының артуына байланысты бұл көрсеткіштер алдағы уақытта әлде қайда артады.

Сонымен қатар, бейнебақылау камераларымен қамту көрсеткіші «Цирфландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы 1500 бейнебақылау камераларын, 2024 жылы 1500 бейнебақылау камераларын, ал, 2025 жылы Шымкент қаласы бойынша жалпы 2500 бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда. Алдағы жылдары жоспар бойынша қала аумағында бейнебақылау камералары жоспар бойынша орнатылып отырады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...