Салалық мәселелер талқыланды

Салалық мәселелер талқыланды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен салалардағы индикаторлардың орындалуы мен өзекті мәселелер бойынша жиын өтті. Жиналыста 6 айда атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер сараланды.

Кемшіліктерге талдау жасалып, тиісті салаларға ескертулер жасалды.

Бекітілген жұмыс жоспарын сапалы жүзеге асыру мақсатында қала әкімі нақты тапсырмалар берді:

апта сайын азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жасап, баяндау;

бала мен ана өліміне жол бермеу мақсатында кешенді жұмыс жоспарын бекіту;

электр қуатын үнемдеу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;

егілетін ағаш орындары мен суағар мәселесін тиянақты дайындау;

білім сапасын көтеру бағытында мектептерді жіті бақылауға алу;

мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асатын жобаларды қатаң бақылау.

Жұмыстардың орындалу барысы хаттамамен бекітіліп, нәтижесі әр апта баяндалуы тапсырылды.

2022 жылдың 5 айында Шымкент қаласының экономикасына 130,9 млрд. теңге тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,6% артқан(2021 жыл қаңтар-мамыр – 96,9 млрд. теңге). Осы көрсеткішпен Шымкент елімізде инвестиция тартудан көш бастады.

Шаһарда 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,7 трлн.теңгеге 296 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Осы жаңа бастамалар арқылы 20 мыңнан аса жұмыс орындары құрылмақ. Оның ішінде 2022 жылы құны 241 млрд.теңгені құрайтын 65 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орны ашылуы жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, жалпы кәсіпкерлік қолдау картасы аясында биыл қалада 52,3 млрд.теңгеге 16 жоба іске асырылып, 1 043 жұмыс орны құрылады.

Шымкенттің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін кәсіпкерлер мен инвесторларға «бір терезе» қағидатымен «Бизнеске арналған үкімет - Shymkent Invest» фронт-кеңсесі жұмыс жұмыс істейді. Мекеме кеңес беру, мемлекеттік қызметтерді көрсету, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға сүйемелдеу және инвесторларға жолығатын шектеулерді жоюға көмектеседі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...