76 мобильді бригада жасақталды

76 мобильді бригада жасақталды

Шымкент қаласында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 66 жағдайы тіркелген. Тұрақсыз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты қаладағы емханалар жанынан 75 мобиьлді бригада жасақталды. Бұл туралы бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

С.Дүйсенбаеваның айтуынша, емхана жанынан құралған мобильді бригада шақырту бойынша науқастарға үй жағдайында медициналық көмек көрсетеді. Қазірде 43 емханадан 76 мобильді бригада жасақталса, 137 мобильді бригада резервте тұр.

Ал эпидемиялогиялық жағдай өршіген тұста қаладағы инфекциялық стационарлар қайтадан жасақталып, медициналық көмек көрсетуге дайын.

«Қала әкімі М. Әйтеновтің тапсырмасы аясында ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий дайындалған. А – ағымдағы жағдай 803 төсек-орын. В –эпидемиологиялық жағдай нашарласа, төсек-орын санын 1763-ке дейін артады. С – эпидемиологиялық дағдарыс орын алса, 2 513төсек-орын ашылады. Ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қалада 45 екпе нысаны бар. 1-ші компонентпен 619 490 адам, 2 – ші компонентпен- 607 859 адам егілді»-деді С. Дүйсенбаева.

Шымкентте жалпы жыл басынан бері инфекциямен ауырғандар саны – 7474, 6912 – жазылған, 67 адам қайтыс болған. Соңғы 1 айда КВИ-дің 572 жағдайы, соңғы тәулікте 103 тіркелді. Олардың 13 пайызы жазылып шықты. 32 адам стационарда, 463-і үйінде ем қабылдауда. Науқастарды 100 орындық қалалық инфекциялық аурухана қабылдап жатыр, дәрі-дәрмек қоры мен вакцина жеткілікті. Коронавируспен күрес жөніндегі іс-шаралар кешеніне сәйкес мединицалық құрал-жабдықтар, дәрігерлер мен қосымша ПТР орталықтары дайындалуда. 74 мобильді топ жұмыс істеуде, 137-сі резервте.

Тұрғындарды КВИ-ге қарсы вакцинациялау бойынша: 1 компонент – 619 490, 2 компонент – 607 859; ревакцинация 3 компонент – 354 719 (жоспардың 55 пайызы орындалды), 4 компонент – 15032 адам алды.

Шымкент қаласында вакцинациялау, ревакцинациялау және қайта ревакцинациялау Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген «QazVac», «Vero Cell», «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакциналарымен жүргізілуде. «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакцинасы 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін) және лактация кезеңіндегі әйелдерге (босанғаннан 42 күннен кейін бала 2 жасқа толғанға дейін) жүргізіледі.

Вакцинациялауды жүргізуге алдын ала ақпараттандырылған жазбаша келісіммен, ерікті түрде және тегін жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...