Бүгін қала әкімінің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның ықтимал толқынына дайындық бойынша штаб отырысы өтті. Онда ковидке қарсы дайындық жұмыстары пысықталды.
Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов қаладағы эпидахуалды қатаң бақылауға алудың және карантинге қайта кірмес үшін азаматтардың жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті. Коронавирустың ықтимал толқынының алдын алу мақсатында қала тұрғындары арасында ревакцинациялау және қоғамдық орындарда сақтық шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын көптеп жүргізуді, мобильді топтардың жұмысын жүйелеп, олардың санын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкентте жалпы жыл басынан бері инфекциямен ауырғандар саны – 7474, 6912 – жазылған, 67 адам қайтыс болған. Соңғы 1 айда КВИ-дің 572 жағдайы, соңғы тәулікте 103 тіркелді. Олардың 13 пайызы жазылып шықты. 32 адам стационарда, 463-і үйінде ем қабылдауда. Науқастарды 100 орындық қалалық инфекциялық аурухана қабылдап жатыр, дәрі-дәрмек қоры мен вакцина жеткілікті. Коронавируспен күрес жөніндегі іс-шаралар кешеніне сәйкес мединицалық құрал-жабдықтар, дәрігерлер мен қосымша ПТР орталықтары дайындалуда. 74 мобильді топ жұмыс істеуде, 137-сі резервте.
Тұрғындарды КВИ-ге қарсы вакцинациялау бойынша: 1 компонент – 619 490, 2 компонент – 607 859; ревакцинация 3 компонент – 354 719 (жоспардың 55 пайызы орындалды), 4 компонент – 15032 адам алды.
Шымкент қаласында вакцинациялау, ревакцинациялау және қайта ревакцинациялау Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген «QazVac», «Vero Cell», «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакциналарымен жүргізілуде. «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакцинасы 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін) және лактация кезеңіндегі әйелдерге (босанғаннан 42 күннен кейін бала 2 жасқа толғанға дейін) жүргізіледі.
Вакцинациялауды жүргізуге алдын ала ақпараттандырылған жазбаша келісіммен, ерікті түрде және тегін жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.