Еңбекші ауданында 3 өндірістік аймақ бар

Еңбекші ауданында 3 өндірістік аймақ бар

Қала әкімінің Еңбекші ауданы тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде аудан әкімі Д.Есілбек негізгі көрсеткіштерді атап, жоспарлармен таныстырды.

Еңбекші ауданында 27 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Оның ішінде 3 өндірістік аймақта (Оңтүстік ИА Ордабасы ИА, Оңтүстік АЭА) 123 жоба іске қосылған. Бұл жылы аймақтарда 713 жұмыс орнымен 12 жоба жүзеге аспақ.

Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту туралы тапсырмасына сәйкес, жаңадан «Жұлдыз» индустриалды аймағы ашылуда. Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүруде.

«Оңтүстік» индустриалды аймағы – республикада алғашқылардың бірі болып ашылған аймақ. 2010 жылы бұрынғы фосфор зауытының аумағын тазартып, оған көлік және инжинерлік инфрақұрылым желілерін тартуға бюджеттен 6 миллиард 800 миллион теңге қаржы жұмсалған. Сөйтіп, 337 гектар аумақ жаңа өндіріс орындарын ашуға әзірленді. Мұндай индустриалды аймақтың артықшылығы кәсіпорын ашуды жоспарлаған инвестор тек жер телімін ғана тегін алып қоймайды, сонымен қатар ол өз кәсіпорнына электр қуаты, газ, су, жол мен темір жол тұйығын жеткізу мәселесіне де бас қатырмайды. Осындай инфрақұрылымының барлығы әзірленген жер телімін алып, сол жерге өз зауытын сала береді.

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» индустриялық аймағы (бұдан әрі – «Ордабасы» ИА) 2011 жылдың бірінші тоқсанынан бастап жұмыс істей бастады.

«Ордабасы» бұрынғы Шина зауытының аумағында орналасқан және 143 гектар аумақты алып жатыр.

«Ордабасының» құрылуына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бастамашы болды.

Басқарушы компания – «Ордабасы» индустриялық аймағы ЖШС.

«Ордабасы» индустриялық аймағын құрудың негізгі мақсаты::

Жоғары технологиялық, импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған өндірістер құру.

Шымкент қаласының өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көмек және жәрдемдесу.

Экономиканың басым секторларына тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды тарта отырып, қазақстандық шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету.

Бүгінде «Ордабасы» индустриялық аймағының аумағында келесі өндіріс орындары жұмыс істейді:

металл илегі, металл конструкциялары, машина жасау бұйымдарын, алдыңғы шыны, пластикалық құбырлар, фитингтер, сабын, құрылысшы.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан тағы бір аяқ киім шығаратын жаңа кәсіпорын ашылмақ. Ол үшін өндірістік аймақтан 1 гектар жер берілетін болып шешілді. Қала әкімі жобамен танысып, инфрақұрылым мен экономикалық аймақтың жеңілдіктерін ұйымдастыру тұрғысында мемлекеттік қолдау көрсетілетінін айтты.

Тағы бір жоба - кеңселік және типографиялық қағаз шығаруға бағытталған. Құны – 621 млн теңге болатын кәсіпорын іске қосылған кезде өнімін ішкі нарыққа және ТМД елдеріне шығарады. Мекемеге «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан 1,96 гектар жер берілген. Бүгінде барлық қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған. Кәсіпкер жер және инфрақұрылыммен толық қамтамасыз ету жөнінде көмек сұрады. Жобаға қолдау көрсетілетін болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...