6 айда Қаратау ауданында 139 мәселе шешімін тапқан

6 айда Қаратау ауданында 139 мәселе шешімін тапқан

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Қаратау ауданы тұрғындарымен есепті кездесу өткізді. Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары мен басқармалардың басшылары, 300-ге жуық аудан тұрғыны қатысты.

«Ашық диалог» форматында өткен кездесу барысында қала әкімі тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беріп, алдағы жоспарлармен таныстырды. Көтерілген проблемалық мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары бекітілетінін түсіндіріп өтті.

1 - ші жартыжылдықта Қаратау ауданы тұрғындарымен 63 кездесу өтіп, онда 328 мәселе көтерілген. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 139 мәселе шешілген, 189 орындалуда. Оның ішінде 71 мәселе алдағы екі жыл көлемінде шешімін табады. Шешімін тапқан әрбір мәселе «қоғамдық бақылау» кеңесімен расталып отырды.

266 мыңнан аса халқы бар ауданда шешілмеген түйткілді мәселелердің әлі де көп екеніне тоқталған М.Әйтенов, жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

Бүгінде Қаратау ауданы бойынша Таскен, Тұран, Достық, Нұртас, Тассай шағын аудандарында 16 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Таскен тұрғын алабында 650 шаршы метр болатын 3 көшеге, Тұран шағын ауданы бойынша 3 көшеге, 8 550 шаршы метрді құрайды, Достық шағын ауданында 5 көшеге, яғни, 17 440 шаршы метрге, Нұртас шағын ауданы бойынша 3 көшеге, ол 750 шаршы метр, Тассай тұрғын алабына 3 көшеге, яғни 2650 шаршы метрге шағал тас төселеді.

Жалпы Қаратау ауданы бойынша 21 шақырымға шағал тас төсеу жоспарлануда.

Алдағы уақытта Қайнарбулақ саяжайы бойынша 10 көшеге, Бозарық саяжайы бойынша 2 көшеге, Асар-2 шағын ауданы бойынша 2 көшеге, Қайнарбұлақ тұрғын алабына 5 көшеге, Сайрам тұрғын алабындағы 8 көше мен Исфиджаб тұрғын алабындағы 9 көшеге шағал тас төселеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...