Қала әкімінің Қаратау ауданы тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде аудан әкімі Р.Мүлкеманов негізгі көрсеткіштерді атап, жоспарлармен таныстырды.
Қаратау ауданында 12 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту туралы тапсырмасына сәйкес, 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды.
Оның бірі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы – 23 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба. 1500 жұмыс орнын құрумен 21 жоба іске аспақ.
Екіншісі – «Агроиндустриалды аймақ» өндірістік жылыжай кешені - 11 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба. 369 жұмыс орнын құрумен 14 жоба жүзеге асады.
Бүгінгі таңда аумағы 133 гектар құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.
Қала әкімі индустриалды аймақтың инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстарын тексерді.
Мұнда қазір 15 шақырымдық суаққының құрылысы жүруде. Жұмыстың 46 пайызы орындалды. Сонымен бірге, электр жүйесін тарту жұмыстары қарқын алған. Индустриалды аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жыл соңына дейін аяқталады.
Ішкі және сыртқы жолдар үшін конкурс өткізілуде.
Сонымен қатар, қала әкімі Қайнарбұлақ тұрғын алабына да арнайы барып, инфрақұрылыммен қамту, атап айтқанда ауыз су тарту жұмыстарын тексерді. Құрылыс толығымен келер жыл соңына дейін аяқталмақ.
Аумағы 132 га құрайтын «Бозарық» агро-индустриялық аймағы. Басты бағыты - ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу. Инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. 21 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Бүгінгі таңда 7 млрд. теңгеге 6 жобаны іске асыруға жер телімдері ұсынылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.