ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭПИДЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭПИДЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы он күнде коронавирус дертімен 181 адам тіркелген. Өткен тәулікте 11 тұрғын сырқаттанды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. Облыс бойынша қажетті инфекциялық төсек-орын ұйымдастырылған. Емделушілер арасында жағдайы ауыр ешкім жоқ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында облыс аумағындағы коронавирус инфекциясын алдын алу мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндалды.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың мәлімдеуінше, коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 3 мыңға ұлғайтуға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта Түркістан облысы КВИ аурушаңдығының көрсеткіші бойынша ҚР бойынша «жасыл» аймақта орналасқан.

Өңірде ревакцинация жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңға 765 мыңға жуық (84,4%) адам егілді. Мамыр айынан бастап қайта ревакцинациядан 30 мыңға жуық адам өтті.

Түркістан облысының медициналық ұйымдарында коронавирустық инфекцияны емдеу және диагностикалауға арналған клиникалық хаттамасына сәйкес, дәрілік заттар тапшылығын жою мақсатында дәрі-дәрмектің екі айлық резервтік қоры қалыптастырылған. Атқарылып жатқан жұмыстар тұрақты бақылауда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...