Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшысы Ерасыл Әшірбайұлы және «Zhas Project» Түркістан облыстық жобалық кеңсесінің консультанттары Нұрғазы Оразәліұлы, Ерасыл Көшербаев аудан, қала жастарымен кездесу өткізуде. Кездесу барысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн. теңгеге дейін гранттар берілетіні, оны алу жолы түсіндіріліп жатыр.
Атап өтейік, жобаға әлеуметтік жобалары бар NEET санатындағы Түркістан облысының 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз ретінде тіркелген жастары, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар мен мүгедектігі бар жастар қатыса алады.
Өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады және биылғы 10 тамызға дейін жалғасады.