ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 600-ГЕ ЖУЫҚ БАЛАҒА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 600-ГЕ ЖУЫҚ БАЛАҒА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінде Конституция күніне орай, Шерхан Мұртаза атындағы WAQF қайырымдылық қоры және «Састөбе Цемент» зауытының басшылығының және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты. Бұл жерде жомарт жанды азаматтар жалпы сомасы 6 млн. теңгеден астам қаржыға 172 балаға мектепке қажетті киім-кешек пен құрал-сайман үлестірді.
Мерекелік жиынға қайырымдылық шараға ұйытқы болған Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығының президенті, Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қордың төрағасы, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы Қ.Айтбай, аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, Састөбе цемент зауытының басшылық құрамы, аудандық адами әлеуетті басқару бөлімінің басшысы Е.Қадырбек, ауыл тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қатысты.
Игі шарада аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов сөз сөйлеп, жиналған қауымды бүгінгі мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар Ербол Керімбекұлы осындай игі шараға мұрындық болып отырған Қайрат Орынбайұлы мен зауыт басшылығана аудан халқы және өз атынан алғысын білдіріп аудан әкімі Нұрлан Байғұттың құттықтауын жеткізіп, Алғыс хатын табыс етті.
Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қоры мен Састөбе цемент зауыты аудан аумағындағы көптеген игі шараларға мұрындық болып келеді. Яғни, мектеп кітапханалары, мәжіліс және спорт залдарын қажетті жабдықтармен жабдықтап, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, ауыл аймақтарда спорт алаңдарын көтеріп, киелі орындарды жаңғыртуға, мешіттер соғуға демеушілік көрсетуде.
Бүгінде Түлкібас ауданында мұқтаж және асыраушысынан айырылған отбасы мен көпбалалы отбасылардағы балаларды мектепке даярлау мақсатында 600-ге жуық оқушыға кәсіпкерлер, мекеме басшылары, әкімдік қызметкерлері мен депутаттар тарапынан демеушілік қолдау көрсетіліп отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығында агродрондарды қолдану тәжірибесін қолдану мен кеңейтудің...

Премьер-министр Олжаса Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын және транзиттік әлеуетті дамыту мәселелері қаралды, деп...