БӘЙДІБЕК: ЖҮЛДЕГЕР СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

БӘЙДІБЕК: ЖҮЛДЕГЕР СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков ағымдағы жылдың 23-24 тамыз күндері Түркістан қаласында өткен медицина қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиада жүлделі ІІ-ші орын алған және 25-26 тамыз күндері волейболдан 50 жастан асқан ардагерлер арасындағы облыстық жарыста жүлделі І-ші орын, тоғызқұмалақтан ІІ-ші орынды иеленген аудандық спортшыларды қабылдады. Қабылдауда Берік Тұрлыбеков жүлделі орындардан көрінген командаларды жеңістерімен құттықтады. Алдағы уақытта да еліміздің спорт саласының дамуына өз үлестерін қосып, өткізілетін түрлі жарыстарда ауданның намысын қорғап жүлделі орындардан көріне беруіне тілегін білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2019 жылдан бастап Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы...

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...