Көкшетауда мәдениет сарайы өртеніп кетті

Ақмола облыстық ТЖД

Көкшетауда мәдениет сарайы өртеніп кетті

Көкшетау орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында өрт болып, ғимаратқа айтарлықтай залал келді деп хабарлады Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт салдарынан мәдениет сарайында жүрген 25 адам эвакуацияланған.

«11 тамызжа сағат 10:55-те «Көкшетау» мәдениет сарайының өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келіп түсті. Өрт ғимараттың шатырында тұтанған. Дереу дабыл беріліп, жеке құрамның 30-дан астам маманы мен 6 бірлік өрт сөндіру техникасы, сонымен қатар, «Көкшетау Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнының бір техникасы мен бір қызметкері жұмылдырылды. Өрт мәдениет сарайының 10 шаршы метр аумағын қамтыған. Тілсіз жау 11:22-де ауыздықталып, 11.33-те толықтай сөндірілді», - дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев.

Қазіргі уақыта ғимараттың өртенген құрылымдары бұзып алынуда. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай экспорт-импорт банкі басқармасының төрағасы Чэнь Хуайюймен кездесу...