СОЗАҚ: ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

СОЗАҚ: ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Бүгін Шолаққорған ауылында «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында дәстүрлі аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Кеңеске қатысушылар «Мыңжылқы» мәдениет үйінде кітап көрмесі мен жергілікті жастар құрастырған роботтарды, жобаларды тамашалады. Кеңеске аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Рысалды Нәлжігітова, аудандық адами әлеутті дамыту бөлімінің басшысы Нұрәлі Айдаров және ауыл, кент округтен ұстаздар қауымы қатысты.
Ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтаған аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы, педагогтардың алдында тұрғын мақсат білім сапасын көтеру екендігіне көңіл бөлді. Сондай-ақ ұстаздар қауымына қойылған талап пен міндеттердің көп екеніне айтты. Аудан көлемінде бой көтеретін жаңа мектептерге тоқталды.
Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Рысалды Нәлжігітова, білім саласындағы мәселелер талқыланған жиында барша ұстаздар қауымына жылы лебізін білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ аудандық адами әлеутті дамыту бөлімінің басшысы Нұрәлі Айдаров хабарлама жасап, биылғы оқу жылының ерекшеліктері мен білім саласындағы өзекті мәселерді баяндады. Аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев жылы лебізін арнады.
Жиын барысында білім сапасына мән беріп, ұстаздардың кәсіби бағыттағы жұмыстарын күшейтуді, ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу мәселесі сөз болды. Білім салаларында үздік көрініп жүрген ұстаздарды, аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының алғыс хатымен және облыс кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбек сіңірген қызметкер» белгісімен марапаттады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығында агродрондарды қолдану тәжірибесін қолдану мен кеңейтудің...

Премьер-министр Олжаса Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын және транзиттік әлеуетті дамыту мәселелері қаралды, деп...