Өздеріңізге белгілі, «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында, Республика көлемінде «Балаларды мектепке даярлайық» акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты - мектеп жасындағы бүлдіршіндерге мектепке қажетті құрал-жабдықтарын, мектеп формасын сыйға тартып, аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету.
Аталған шара аясында аудандық мәслихат депутаты Д.Кубеев, кеше, қабылдауда болған әлеуеті төмен отбасылардың балаларын, сонымен қатар Т.Рысқұлов, Болашақ мектеп-лицейлері және де О.Жандосов ЖОМ,Қазығұрт ЖОМ оқушыларын, жалпы саны 145 баланы мектеп формасымен қамтып, елдің алғысына бөленді.
Жаста болса өзінің іскерлігі мен танылып жүрген халық қалаулысы, жыл сайын өзінде барды өзгемен бөлісіп, қабылдауына келген көмекке мұқтаж, көңілі жарым жандардың жанына демеу болып, материалдық, моральдық тұрғыда да көмек беріп жүр.
-Біздің мұндай шараларды жариялаудағы мақсатымыз – фракция мүшелерінің, партия мүшелерінің қайырымдылықтарын жұртқа жария етіп, мақтану немесе біреуге жақсы көріну емес, елдегі көмекке шын мұқтаж жандарға сәл де болса қуаныш сыйлау, мейірім беру. Мейірімді болуға, айналамыздағы азаматтарды да үндеу. Біз қазақ қашанда жетімі мен жесірін жылатпаған, сүрінгеннің қолтығынан демеп, қолдау көрсеткен халықпыз. Осы бір атамыздың қанымен бойымызға сіңген қасиетімізді жоғалтып алмасақ дейміз.