Тұрғындардың өтініші бойынша 4 автобустың бағыты өзгертілді

Тұрғындардың өтініші бойынша 4 автобустың бағыты өзгертілді

Түрксіб ауданында көлік және жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде атап өткендей, аудан тұрғындарының өтініші бойынша №13 автобустың Спасская көшесіне дейін, ал №77 және №215 автобустың бағыты Шуақты шағын ауданына дейін ұзартылды. Сонымен қатар, №138 автобустың Қайрат шағын ауданына кіріп-шығу сызбасы өзгертілді.
Сүйінбай даңғылы бойынша 4 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды. Тұрғындардың өтініші бойынша 70-ші разъездегі бағдаршам ауыстырылды. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін 9 көшеде 7 шақырым тротуар салынды.
Желтоқсан айында Рысқұлов даңғылы мен Ержанов көшесінің бойындағы «Парасат» ТК жанында Шатский көшесінің темір жолы арқылы өтетін 2 жерүсті өткелін жобалау аяқталады. Құрылыс 2023 жылдың мамыр айында басталады.
Сүйінбай даңғылы мен Майлин көшесінің бойындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткеліндегі көтергіштерді қалпына келтіруге бюджеттен қосымша қаржы бөлінді. Бұл жұмыс қараша айының соңында аяқталады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

15 мая, в День семьи, Шымкент подарил горожанам событие, которое может перерасти в добрую традицию. В живописном дендрарии им. Асанбая Аскарова...

Достық үйінде қаланы дамытуға арналған Бас жоспар жобасына түзетулер енгізу бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Қатысушылардың басты назарында...

В Карагандинском Доме дружбы состоялись общественные слушания по проекту корректировки Генерального плана развития города. Основное внимание...

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістанда өтіп жатқан «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи...