Түрксіб ауданында 80 көшенің жолы жөнделеді

Түрксіб ауданында 80 көшенің жолы жөнделеді

Қазіргі таңда ұзындығы 10,3 шақырым 18 көшенің орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, қазан айының соңына дейін ауданның 80 көшесінің ағымды жөндеу жұмыстары аяқталады.
Құлжа күре жолы - Бұқтырма көшесіндегі көлік жолайрығының құрылысы желтоқсан айында аяқталады. Әкімдік Б.Хмельницкий көшесін Қайрат шағын ауданынан Құлжа күре жолына дейін ұзартуды жобалау үшін тендерлік рәсімдерді жүргізуде.
Ауданда су басу мәселесін шешу үшін биыл ұзындығы 3,8 шақырым болатын 11 учаскеге арық салу және реконструкциялау жобалары іске асып жатыр, Алматы-1 коллекторын қалпына келтіру жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыс қараша айында аяқталады.
Аталған мәселені толық шешу үшін 2023 жылдың соңына дейін 57 көшеге тағы 41 шақырым арық жүйесін салу жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания...