Әуезов ауданының 4 орнында инженерлік желілерді жаңғырту әкімдіктің ерекше бақылауында. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде айтты.
Бұл Достық, Мамыр-4 шағын аудандары және Саин-Шаляпин-Жандосов-Қарғалы өзені көшелері, сонымен қатар Арычная, Ықылас, Западная көшелерінің учаскесі. Мұнда жыл басынан бері 185-тен астам апат болды. Бұл аудандардағы желілер 50 жыл бұрын салынған, олардың 80%-дан астамы тозған.
Әкімнің тапсырмасы бойынша сәуір айынан бастап осы шағын аудандар мен ұзындығы 75,8 км учаскелерде сумен қамту және су бұру желілерін салу және жаңарту жобалануда.
Келесі жылдың қаңтар айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталады. 2023 жылдың II тоқсанында құрылыс басталады. 2024 жылдың соңына қарай 11 мыңнан астам абонент сапалы сумен және кәрізбен қамтамасыз етіледі.
Шамамен 76 км инженерлік желі жаңартуды қажет етеді
