Данэлия Тулешова America’s Got Talent байқауының жартылай финалына шықты

Данэлия Тулешова America’s Got Talent байқауының жартылай финалына шықты

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова АҚШ-та дәстүрлі түрде өтетін America’s Got Talent байқауының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Azattyq Ruhy сайты жазды.

Байқаудың ширек финалы 20 тамызға қараған түні тікелей эфирде көрсетілді. Ал, жартылай финалға лайықты талант иелерін NBC телеарнасының көрермендері дауыс беру арқылы таңдады. Кейбір қатысушылар қазылар алқасынан қосымша дауыс алды.

«Мен Лос-Анджелеске анаммен және ұстазым Наталия Александровнамен бірге келдім. Байқау алдында қатты қобалжыдым, жолға шығарда аздап ауырғаным бар. Қуанышқа қарай, тез сауығып кеттім, қобалжуым да басылды. Қолдауларыңызға рахмет, қазіргі сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Келесі кезеңге дайындығымды тағы күшейтемін»  деді Данэлия Тулешова.

Айта кетейік, ширек финалда қазақстандық әнші Harry Styles Sign of the Times әнін шырқаған болатын. Көрермендер мен қазылар алқасы оның талантына тәнті болып, орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...